М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры Әулиеата төрінде өнер көрсетті. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
Астаналық өнер ұжымы тараздықтардың назарына К.Людвигтің «Примадонна» комедиясын ұсынды.
ҚР еңбек сіңірген әртісі, режиссер Бекпулат Пармановтың және қоюшы режиссер және қоюшы-суретші Қанат Мақсұтовтың қойылымында көрермен байлардың тыныс-тіршілігімен танысып, кез-келген құпияның күндердің күнінде белгілі болатынына көз жеткізді.
Екі жарым сағатқа созылған қойылым көрерменге тамаша көңіл күй сыйлады. Жамбылдық көрермендер әртістерге қошемет көрсетіп, қойылымнан соң ыстық лебіздерін білдірді.