Тараз қаласы көшелері 463 заңсыз жарнамадан тазартылады

0 0

Тараз қаласының көшелері 463 заңды құжатсыз жарнамалардан тазартылады. Осы орайда, қала әкімдігінің қызметкерлері қаладағы көрнекі ақпараттардың, жарнама мәтіндерінің тақырыптық маңыздылығы мен сауаттылығын, эстетикалық безендірілу деңгейін көтеру мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Атап айтар болсақ, рұқсатсыз орналасқан, салық төлемейтін, тозығы жеткен, тіл туралы заң талаптарына сай емес жарнама құралдарының көзі жойылып, кәсіпкерлерге 278 ескерту хаты берілді.

Сондай-ақ, Заң талаптарына мойынсұнбаған қаладағы 121 көше мен 13 мөлтек ауданы және «Арай-2» алқабындағы  бей-берекет жарнама құралдары зерделенді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.