Жастарға жол көрсетіп отырайық

0 2

Шақпақ ауылдық округінің «Шақпақ» стансасында поляк әскерлерінің зираты жатқаны белгілі, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

«Соғыс шығынсыз болмайды» деген сөз осындайда айтылса керек. Марқұм болғандардың әруағын қадірлеу, олардың мәңгілік тыныс тапқан орындарын тазалап, ретке келтіру —  тірілердің тіршіліктегі парызы болмақ.

Осы ретте Жуалы жерінде поляк генералы В.Андерс басқарған шығыстық поляк армиясынан 212 солдат әскери тұтқынға алынған болатын. Азаматтар және совет лагерінің тұтқындары еліне қайтар жолда 1942 жылы қаза болғандардың зираты орналасқан. Мұндай зират біздің ауданмен қатар Меркі жерінде де бар.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде «Жаңғыру жолы – жастар жолы!» жастар қозғалысының облыстық штабының мүшелері Шақпақ ауылдық округіндегі өзге ұлт өкілдерінің жастарымен бірлесіп поляктардың әскери зиратына барып, олардың әруағына тағзым етіп, бейіт басына гүл шоқтарын қойды.

Іс-шараға Шақпақ ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Тілегенов, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері, ауыл  жастары белсенді түрде атсалысты.

Айта кету керек, аталған тарихи-экологиялық акцияның өтуіне Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»  мекемесінің әдіскері Рахат  Ерханұлы, сонымен бірге аталған мекемеге қарасты «Ақ желкен» жастар лигасының белсенді мүшелері мұрындық болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.