Қазақстан Ұлттық банкі Telegram мессенджерінде ресми арнасын іске қосты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Ұлттық банктің Telegram мессенджеріндегі ресми арнасына жазылып, өзекті жаңалықтарды қадағалаңыздар», — делінген хабарламада.
ҚР ҰБ-ның қызметі туралы ақпаратты сондай-ақ Ұлттық банктің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары және арналары арқылы; Facebook, Twitter, Instagram, YouTube, сондай-ақ, AppStore мен GooglePlay-да NBK Online мобильдік қосымшасы арқылы алуға болады.