Жамбыл облысында ветеринариялық вакциналар зауыты салынады

0 1

Жамбыл облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ауқымды жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр, —  деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, биылғы жылы облыста құны 16 млрд. теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылмақ. Олардың арасындағы ең ірісі ветеринариялық вакциналар зауытының құрылысы. Кәсіпорын жануарларға арналған вакциналарды сауықтыру, даигностика және жануралар арасындағы ауруларды емдеу мақсатында GMP және GLP стандарттары бойынша шығарады.

Сондай-ақ, құны 2 млрд. теңге болатын биокомбинат Қордай ауданында пайда болады. Алғашқы жылы зауыттың жобалық құны жылына 25 млн. доза вакцинаны құрайды. Болашақта кәсіпорынның қуатын 3 есеге арттыру жоспарланып отыр. Зауыттың құрылысымен «BioVetKZ» ЖШС айналысуда. Аталмыш серіктестіктің басты қызметі ветеринария саласындағы дәрілік препараттарды шығару. Компания вакцияналардың 11 түрін шығармақ.

— Жамбыл облысы жыл сайын ауыл шаруашылығы саласындағы жануарларға арналған вакциналарды сатып алуға мол көлемде қаржы жұмсайды, — деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сатып алынатын вакциналар бруцеллез, сібір жарасы, аусыл сияқты көп тараған аурулардан қорғайды. Болашақта вакциналарды сату нарығын кеңейтіп, Орталық Азия, Қытай мен Түркияны да қамту жоспарда бар.

Айта кетейік, индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында өңірде 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аталған шараларға орай, жаңа аймақта өндірістер іске қосылып, 6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылған 2 жылда 23 жоба іске қосылып, 1,5 мың жамбылдық жұмыспен қамтылды. Қалған 19 жоба 2025 жылға дейін жүзеге асырылады. Олардың біраз бөлігі биылғы жылдың екінші жартысында іске қосылады.

Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметтері бойынша, алдын ала жоспарланған 8 жобаның 4-уі Таразда іске қосылады. Қалғандары Қордай, Байзақ, Мойынқұм және Меркі аудандарында қолға алынатын болады.

Жаңа жобалардың арқасына 947 жұмыс орны пайда болады.

Айта кетейік, өңірде 7,7 миллиард теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде мемлекеттік сатып алуда, әсіресе құрылыс саласында, жергілікті қамту мәселесі қолға алынды.

Бұдан бөлек, Тараз қаласында индустриалды аймақ құру туралы шешім қабылданды. Ол үшін алғашқы этап ретінде 40 гектар жер мәселесі шешілді. Бүгінде инфрақұрылым тарту үшін 1 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.