Қазіргі таңда, билік өкілдері тұрғындармен кездесулер өткізіліп, оларды мазалаған мәселелердің шешілуіне ықпал ету үрдіске айналып келеді. Бұл өз кезегінде елді мекендердегі мәселелердің назардан тыс қалмауына, кез келген түйткілдің түйінін дер кезінде тарқатуға септігін тигізеді.
Бүгін аудан басшысы әкімдіктің мәжіліс залында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Кездесуге жауапты сала орынбасары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысып отырды. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі көпке ортақ мәселелерді қозғап, өтініштерін жеткізді. Олардың қатарында, жер телімін алу, баспана, жұмыспен қамту мәселелері бар.
Тұрғындардың көтерген мәселелерін мұқият тыңдаған аудан әкімі заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Кейбір мәселелер бойынша нақты жауаптар берілсе, қалғандары тиістілігіне қарай жауапты сала басшыларының құзырына, белгіленген уақыт мерзімінде орындалуы тапсырылды. Әрбір мәселе жіті бақылауға алынып, хаттамаға енгізілді.
								
									
								 Sign in							
							
								
									
											
										
											
		
					
								
			
			
	
										
									
								
							
												
				
				
				 Sign in
				
					
						
						
										
				
			
			Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
 
			