Бүгінде Сарысу  ауданында кіші футбол спорты дамып, қанат жайып келеді. Жас жеткіншектер кіші футболды жандарына серік етіп, байрақты бәсекелерде жүлделі орындарды иеленіп келеді.
Жақында көршілес Қырғыз жерінен ақжолтай сүйінші хабар келіп жетті. 13-15 маусым күндері аралығында Қырғызстан Республикасында 2013 — 2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында халықаралық жарыс өтті. Жарысқа 8 команда қатысып, бақ сынаған болатын. Аталған сайысқа Жаңатас қаласының жас футзалшылары қатысып, қарсылас шақ келтірмей жарыс жеңімпазы атанды. Жаттықтырушыдары Асқанбек Зубайра мен Азизхан Айтжановтың шәкірттері үмітті ақтап, биік белесті бағындырды.
Халықаралық жарыстың «Үздік ойыншысы» номинациясын Мейірлан Дәулетұлы жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар, медальдар мен кубокпен марапатталды.
								
									
								 Sign in							
							
								
									
											
										
											
		
					
								
			
			
	
										
									
								
							
												
				
				
				 Sign in
				
					
						
						
										
				
			
			Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
 
			