«Жер- 2025» республикалық командалық- штабтық оқу — жаттығу өтті

0 2
Бүгін орталық алаңда «Жер- 2025» республикалық командалық- штабтық оқу — жаттығу өткізілді. Шараның мақсаты Жер сілкінісі кезеңіндегі жағдайларда Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс қимылдарға басқару органдары мен күштерін дайындауға бағыталған.
Әр тоқсан сайын өтетін оқу жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты. Ашылуда сөз сөйлеген Жанғозы Өмірғалиұлы табиғи апаттардың алдын алуда бұндай шаралардың маңыздылығы зор екенін айтып, оқу -жаттығуға сәттілік тіледі. Шара барысында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Алмаз Мелдеев аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркеновке оқу — жаттығу жұмыстарының барысымен таныстырды.
Аудандық өрт сөндіру, аудандық Төтенше жағдайлар, аудандық полиция, аудандық орталық аурухана, аудандық орман шаруашылығы және жануарларды қорғау мекемесі, аудандық санитарлық және эпидемиологиялық бөлімі, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары табиғи апаттар мен түрлі жағдайлар кезіндегі дайындық барысымен таныстырып өтті. Жаттығу барысын тамашалаған Жанғозы Өмірғалиұлы оң бағасын берді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.