Жамбыл облысында тұрғындардың қолын кескілеп қолтаңбасын қалдыратын ұрылар пайда болды

0 4

Қордай қаласының тұрғындары өңірде қауіпті ұрылардың қаптап кеткенін айтты. Қалада ұрылар түн ішінде үйіңді тонап, адамдардың «құлағы мен саусағын кесіп кетеді» деген әңгіме тарады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA 31 арнаға сілтеме жасап.

Қалада ұрылар бірнеше үйге ұрлыққа түсіп, үш адамды ұрып-соғып, тонап кеткен. Анық болғандай, олар құлақ кесіп, саусағыңнан айырмаса да жәбірленушілердің қолын кескілеп қолтаңбасын қалдырып отырған.

Тұрғындардың айтуынша, олар бет-аузын тұмшалап, ұрлыққа түседі. Әлі бостандықта жүр. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Бір науқас Қордайда, екеуі Бішкекте жатыр. Полицияның ұрыларға қатысты жауабы алдағы уақытта шығады.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.