Тараз қаласындағы саябақтар мен скверлер қайта жаңартылады

0 51

Шаһар шырайын келтіру мақсатында, Тараз қаласын абаттандыру бойынша 2019 жылға ауқымды жұмыстар жоспарлануда. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Көне Таразды қайта түлетуде «Мамыр», «Түрксіб» және Тұңғыш Президент пен Т.Рысқұлов атындағы саябақтарды жаңарту қолға алынбақ.

Сондай-ақ, «Тараз- Арена» спорт кешенінің маңында спортшыларға арналған «Даңқ» аллеясын, Теміржол вокзалы маңындағы скверді және «Қарасу» алқабындағы мектеп бітірушілер аллеясын абаттандыру көзделген.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін қаланың 90 қиылысындағы жол белгілері мен бағдаршамдардың бағаналарын ауыстыру жұмыстары да жүргізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.