Жамбыл облысында денсаулық сақтау мекемелерінің 89 пайызы интернетпен қамтылған

0 0

Бүгінде облыстағы денсаулық сақтау мекемелерінің 89 пайызы интернетпен және қызметкерлердің орнының 92 пайызы компьютермен қамтылған. Бұл туралы аймақ басшысы мәслихат депутаттары алдында берген есебінде айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі .

Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу үшін облыстық бюджетен 152 млн.теңгеге бөлінді. Қазіргі таңда 6600 медицина қызметкері «Elsi Med», «Damu Med» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасауда.

Биыл облыста алғаш рет Таразда бүйрек алмастыру отасы жасалды.

Медицина нысандарын интернетпен толық қамту үшін облыстық бюджеттен жүз ету екі миллион теңге бөлініп, тиісті құрал-жабдықтар алынып жатыр. Қазір номері 5-қалалық емханаға жиырма алты компьютер сатып алынды. Енді мекеме толығымен компьютермен жабдықталып, электронды сандық жүйеде жұмыс істеуге көшкен. Мұндағы жүз алты  білікті дәрігер алпыс екі  мың адамға қызмет көрсетеді. Ақ халаттыларды үйге шақырту, қабылдауына жазылу, науқастың сараптама қорытындыларын зертханаға жолдау электронды түрде іске асырылады. Бұның ұтымды тұсы — дәрігерлер қағазбастылықтан арылып әрі жұмыстары жүйеленіп, жеделдей түседі. Рахат Аймырзаев, дәрігерлік кеңестің комиссия төрағасы: — Науқастың толық мәліметтерінің бәрі электронды түрде компьютерге кіргізіліп, сонымен қатар бұның тиімділігі яғни лабораторлық-инструменталды тексеру жүргізу кезінде және де басқа да мамандарға жолдану кезінде барлығы цифрлы штрих код арқылы келесі маманға жолдану арқылы жылдам түрде жүргізіліп отырады.

Жалпы облыстық бюджет есебінен 12 медицина мекемесіне 876,8 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні 11 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға берілген. Биылғы жылы 3 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілді. Бұл көрсеткіш жыл аяғына дейін өседі. Осы жылдың соңында тағы бірнеше елді мекенде құрал жабдықпен қамтылған медицина нысандары іске қосылады деп жоспарлануда.

Әкімдіктің жұмысын тиімді қалыптастыруға, жүйені дамытуға байланысты атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, бірінші кезекте бюджеттің тиімділігін арттыру үшін арнайы регламент қабылданды (2018 жылғы 27 наурыздағы №50 қаулы). Қазір осы регламент талабына сәйкес, барлық салада құрылыс нысандарын «өзектілікке қарай жоспарлау Картасы» әзірленуде. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, білім мен мәдениет және спорт салаларында құрылыс жұмыстарының көлемі мен қажеттілігі айқындалып отыр. Салынатын нысандардың құнын оңтайландыру үшін құрылыстың параметрлеріне қатысты талаптар бекітілді. Мәселен, бұрын медициналық фельдшерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың құны 65-90 миллион теңге көлемінде болса, оңтайландырудың нәтижесінде 30-45 миллион теңге көлемінде болып отыр. Қаржысы 2 есе үнемделуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.