Нысандарды аралады

0 3

Сарысу ауданында ветеринария саласын дамыту, ветеринариялық нысандарға басымдық беру — маңыдылығын жоғалтқан жоқ.

Осы орайда, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков ауылдық округтердегі ветеринариялық нысандарды аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі таңда, ауданда барлық ветеринариялық пункт жұмыс істеп тұр. Ағымдағы жылы ауылдық округтердегі ветеринариялық нысандарды жаңарту мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, 5 ауылдық округте (Байқадам, Игілік, Жаңаталап, Тоғызкент, Жайылма) ветеринариялық нысандар кешенді болып салынады. Ветеринариялық пункт, мал емдеу орны және мал тоғыту алаңы қатар салынады деп күтілуде.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Оңғарбекұлы зерделеу барысында анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіру бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.