Ветеринария-халық денсаулығының кепілі

0 2

Медицина адамды емдесе, ветеринария-бүкіл адамзатты емдейді. Ежелден мал бағуды кәсіп еткен халқымыз «Малы саудың-жаны сау»-деп, сәлемдескенде ең алдымен «мал-жаның аман ба?»-деп сұраған. Осынау қағиданы ұстаным еткен ата-бабаларымыздың кәсібі әлі күнге дейін жалғасып келеді. Алдындағы малының амандығына, саулығына жауап беретін ветеринария саласы-маңызды салаға айналды.

Кәсіпорынның басты міндеті-ау­дан аумағында халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау­ды ұйымдастыру болып табылады. Ветеринариялық-санитариялық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету де олардың құзіретіндегі іс. Сондай-ақ аса қауіпті аурулардың, жануарлардың энзоотия­лық ауруларының профилактикасы бойынша іс-шаралар жүргізу де ветеринарлар үшін қалыптасқан тірлік. Осыдан-ақ олардың жұмысы сіз бен біз ойлағандай оңай еместігін бағамдай беріңіз. Дегенмен саланы меңгерген маман иелері өз істеріне мығым. Қай жұмысқа да жауапкершілікпен қарап, жануарларға жанашырлық танытудан танған емес.

Ауданда ауыл шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да қар­қын­­ды дамуда. Халықты тағам өнім­дері­мен қамтамасыз ететін ауыл шар­уа­шылығын одан әрі дамыту мем­лекеттік бағдарламалар арқылы іске асуда. Аудан, қала халқын ет-сүт өнім­дері­мен қамтамасыз етіп отырған шар­уашылықтар ең алдымен малдың қауіпті ауруға ұшырамауын ветеринар мамандарымен бірге қадағалап отырады. Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы ветери­нариялық-профилактикалық және ди­аг­­ностикалық іс-шаралар жоспарына сәй­кес 2025 жылы вакцинация бойынша барлығы 1 045 мың манипуляция және қан сынамасын алу бойынша 446 мың манипуляция жүргізіледі.

2025 жылға бекітілген жоспар бойынша 10 000 бас мүйізді ірі қара, 75 000 бас ұсақ мал, 1 800 бас жылқы, 750 бас түйе, 20 бас шошқа бірдейлендіруден өтуі тиіс.

Аудан аумағында бөлімге 1 қала және 9 ауылдық округте орналасқан ветеринариялық пункттер қарайды. Ветеринария бөліміне қарасты 1 қала және 9 ауылдық округтерінің ветеринариялық пункттері ғимаратпен қамтылған. Аудан көлемінде ветеринария саласының теңгеріміне алынған барлығы 3 био­тер­миялық шұңқыр бар.

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануар­лар­ға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы аясында қабылданған нор­мативтік құқықтық актілеріне сәйкес ие­сіз қаңғыбас жануарларды аулау жұ­мыстары жүргізілуде.

2025 жылы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және жансыздан­дыруға жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, конкурс нәтижесімен қыз­мет көрсетуші ретінде Жамбыл облыс­тық ветеринариялық станциясы анық­талды. Ит аулауға 1 жұмысшы алынды. Иесіз ит-мысықтарды аулау жұмыстары да ветеринария саласының мамандарына жүктелген міндет.

Сонымен қатар, ветеринар маман­дар ветеринариялық іс-шаралар жүр­гізуімен қатар ауыл тұрғындарына иелігіндегі ит-мысықтарды қағидаға сәйкес байлап ұстау жөнінде үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізуде. Аудан аумағында иесіз қалған қаңғыбас ит-мысықтарды уақытша ұстауға ар­налған жеке тұлға есебіндегі 1 панажай бар. Қорытындылай келе, ауданның ветеринария саласының мамандары алдағы уақытта да іс-шара жоспарына сәйкес тиісті міндетін толыққанды атқарып, саланың ақсамауына жұмыс жүргізетін болады.

Төрт түлікпен біте қайнасып өмір сүріп, олардың еті мен сүтін, терісін қажетімізге жаратқандықтан, малдың кеселі өзіміздің денсаулығымызға да кесірін тигізуі мүмкін. Академик К.Скря­биннің «Медицина-адамды, ал, ветеринария-бүкіл адамзатты емдей­ді»-деген қанатты сөзінен ветеринария саласы атүсті қарауға болмайтын, өте жауапты мамандық екендігін аңғаруға болады.
Аудан аумағында бүгінгі күнге эпи­зоотиялық жағдай тұрақты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.