Баланың қауіпсіздігі ата-анаға міндет

0 3

Жаз мезгілінде көпқабатты үйлердегі ашық терезелер балалар үшін қауіп көзіне айналуы мүмкін. Өкінішке орай, жыл сайын елімізде ашық терезеден құлап кету фактілері тіркеліп отырады. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін терезеге арнайы қауіпсіздік құрылғыларын (терезе бекіткіштері, қорғаныс торлары) орнату өте маңызды.

Осы орайда, бүгін аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық алқабилер кеңесі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларының мамандары, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық іскер әйелдер қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Ассамблеясының аудандық филиалының өкілдері, отбасын қолдау орталығы, “Жастар ресурстық орталығы” мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Қауіпсіз терезе» атты акциясын өткізді. Іс шараның мақсаты — балалар арасында терезеден құлау жағдайларын болдырмау және ата-аналардың назарын үйдегі қауіпсіздікке, әсіресе терезе маңындағы қауіпке назар аудару болып табылады.

Акция барысында тұрғындарға балалардың терезеден құламауына тікелей ата — аналардың жауапты екені ескертіліп, 1000 дана жадынамалар таратылды. Аталмыш шара үш күн бойы жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.