Облыста газ жеткізу 80 мың теңгеге дейін төмендейді

0 2

Жамбыл облысында газдандырылған 173 елді мекеннің көгілдір отынға қол жеткізе алмай отырған 88 мың адамды газ торабына қосу мәселесі шешімін тапты. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы мәслихат депутаттары алдында берген есебінде айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.

Енді тұрғындарды газ торабына қосумен «Жамбыл Жылу» коммуналдық мекемесі айналысатын болды. Осылайша газды жеткізу құны 150 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін түсті.

Аймақтағы газдандырылмаған 171 елді мекен мәселесі бойынша жалпы 43 млрд. 761 млн.теңге құрайтын 11 жоба дайындалды. Аталмыш жобаларды 2019-2022 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.