Облыста 40 жаңа мәдениет үйі соғылады

0 0

Бұл мəдени нысандар «2018-2020 жылдарға арналған елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту» картасы бойынша 2019-2025 жылдар аралығында кезең-кезеңімен тұрғызылады. Бұл туралы сала басшысы Д.Бықыбаев ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA

Атап айтар болсақ, ыңғайластырылған және мүлдем мәдениет үйі жоқ елді мекенде 2019-2021 жылдары 26, ал 2022-2025 жылдар аралығында 14 мәдениет үйін соғу жоспарланды.

Сондай-ақ, облыстағы мәдениет мекемелерін оңтайландыру барысында 61 мекеме қысқартуға ұсынылды.

Айта кетейік, оңтайландырудан кейін барлығы 488 мекеме халыққа қызмет көрсететін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.