Облыста браконьерлермен күрес күшейеді

0 1

Облыста браконьерлермен күресті күшейту үшін мамандаырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі жұмысын бастады. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы мәслихат депутаттары алдында берген есебінде айтты, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» AA.

Сондай-ақ, табиғатты қорғау, заңсыз аңшылықтан бас тарту жөнінде Декларация қабылданды. Оған облыс, аудан басшылары, басқармалар мен мемлекеттік мекеме жетекшілері қол қойып, міндеттеме алды. Мұнан бөлек, Қордай, Шу аудандарында «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалы мен Жуалы, Талас және Жамбыл аудандарының аумағында «Жуалы-Қарашат» зоологиялық қаумалын құру жұмыстары басталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.