Таразда көші-қон заңын бұзған 130-ға жуық азамат анықталды

0 0

Төрт күндік «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасында 110 мигрант ұсталған. Бұл туралы «ZhambylNews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олар Өзбекстан мен Тәжікстанның азаматтары. Ал қалған заңға қайшы әрекеттерді тіркеуде тұрмаған өз еліміздің азаматтары жасаған. Көші-қон полициясының қызметкерлері базарлар мен құрылыс нысандарына, жатақханалар мен көліктерге техникалық қызмет көрсету орталықтарына арнайы реид жүргізген. Тексеру барысында шетелдік мигранттардардың кейбірінің Қазақстанға келіп-кету тәртібін бұзғаны, енді бірінің жасырынып, рұқсатсыз жұмыс істегені белгілі болды.

Қанат Шаухаров, облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасының бөлім басшысы:

— Қабылдау-тарату мекемесіне 77 шетел азаматы орналастырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабы бойынша оларға айыппұл салынады. Яғни бюджетке 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 30 мың теңгеден жоғары қаржы қайтарылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.