6 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман, күндіз найзағайлы жаңбыр жауады, Солтүстік Қазақстан облысында дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, түнде тұман болады, күндіз жел 18 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағайлы жауын жауады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге үдейді.
Ақтөбе, түнде Атырау облыстарында найзағай болады. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.
Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.