Байзақ датқа кесенесінде инфрақұрылым жасақталды

0 4

Байзақ ауданының 80 жылдық мерей той қарсаңында тарихи нысанға  инфрақұрылым жасақталып, туристік аймаққа айналдыру бағытында  жұмыстар қолға алынуда. Бұл туралы  «ZhambylNews» AA хабарлайды. 

Дүбірлі мерейтой қарсаңында кесене айналасына гүлзарлар мен сәндік ағаштар отырғызылды.

Бұдан басқа, кесене аймағы қоршаумен қоршалып, туристік мақсатта келушілер үшін 80 баспалдақтан тұратын  жол салынған. Жарықтандыру мен су мәселесі де шешімін тапты.

Жөндеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады. Келесі жылы жеміс ағаштарын отырғызып, келген қонақтарға демалу  орындарын салу да қолға алынбақшы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.