Биыл 147 мың оқушы мектеп бітірсе, оның ішінде 102 мың оқушы ҰБТ тапсырды. Сондай-ақ, шекті 50 баллдан асқан түлектер 38,3 мың мемлекеттік грантты тағайындайтын конкурсқа қатысты,- деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы орайда ең аз 50 баллмен білім грантын иелену мүмкін болған мамандықтар тізімі дайындалды.
Мектеп оқушыларын негізге алып отырған соң қысқартылған оқу бөлімін қарастырмадық. Бүгін айтарымыз – күндізгі бөлім (толық). Төменде ең төмен 50 балл алып, грантқа ие болған мамандықтар бар.
Қазақ бөлімі:
«5B011100 – Информатика»
«5B012700 – Математика-Информатика»
«5B060600 – Химия»
«5B061100 – Физика және астрономия»
«5B070600 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»
«5B070900 – Металлургияға»
«5B071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы»
«5B072100 – Химиялық технологиялар және органикалық заттардың технологиясы»
«5B072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)»
«5B072600 — Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
«5B073000 – Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларды өндіру»
«5B073800 – Материалдарды қысымен өңдеу технологиясы»
«5B074500 – Көлік құрылысы»
«5B074600 – Ғарыш техникасы және технологиясы»
«5B075200 – Инженерлік желілер және жүйелер»
«5B075300 – Баяу балқитын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы»
«5B080600 – Аграрлық техника және технология»
«5B081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету»
Орыс бөлімі:
«5B012900 – География-Тарих»
«5B060200 – Информатика»
«5B060300 – Механика»
«5B070900 – Металлургия»
«5B071200 – Машина құрастыру»
«5B071700 – Жылу энергетикасы»
«5B071800 – Электр энергетикасы»
«5B072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»
«5B072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
«5B072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтау»
«5B072500 – Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы»
«5B073000 – Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары технологиясы»
«5B080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»
«5B080500 – Су ресурстары және суды пайдалану»
«5B080600 – Аграрлық техника және технология»
«5B080800 – Топырақтану және агрохимия»
«5B120100 – Ветеринарлық медицина»
Ағылшын бөлімі:
«5B011000 – Физика»
«5B011100 – Информатика»
«5B011200 – Химия»
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» бағдарламасы аясында бөлінген білім гранттары:
«5B012700 – Математика-Информатика»
«5B012800 – Физика-Информатика»
«5B070100 – Биотехнология»
«5B071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы»
«5B071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация»
«5B072700 – Азық-түлік өнімдері технологиясы»
«5B072800 – Өңдеу өндірісі технологиясы «сала бойынша)»
«5B072900 – Құрылыс»
«5B073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»
«5B073800 – Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы»
«5B074500 – Көлік құрылысы»
«5B080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»
«5B080700 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы»
«5B080800 – Топырақтану және агрохимия».