Жүрек ауруына арналған қытайлық дәрілер адам өміріне аса қауіпті болып шықты

0 3

Жүрек ауруына арналған қытайлық дәрілер адам өміріне аса қауіпті болып шықты,- деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Артериялық гипертензия мен созылмалы жүрек жетіспеушілігі кезінде қабылдайтын қытайлық валсартан дәрілік препараты адам өміріне қауіпті болып шықты.

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі Қытайда шығарылатын бұл дәрінің құрамынан қауіпті канцероген қоспасын тапқан.

Саудада «вазар» атымен танылған препаратты қабылдаған адам жағымсыз әсерін байқаған жағдайда міндетті түрде дәрігерге көрінуі қажет екен.

Атырау облыстық фармация департаментінің басшысы Сара Уразованың айтуынша, Атырау облысында жыл басынан бері бұл дәрінің 3785 данасы сатылған.

Оның ішіндегі 2859 данасы 625 адамға тегін таратылыпты.

Алайда осы уақытқа дейін ешқандай шағым түспеген екен.

Дәрігерлер вазар препаратының қалдықтарын тегін берген дәріханаларға немесе медициналық ұйымдарға қайтарып беруді ұсынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.