Биыл күннің соңғы тұтылуы қашан болады

0 5

Қазақстанның бірнеше облысының тұрғындары 11 тамызда биылғы жылғы күннің соңғы рет тұтылуын тамашалай алады, бұл 2018 жылы күннің бесінші рет тұтылуы, -деп хабарлайды  «ZhambylNews» AA sputnik сайтына сілтеме жасап.

Күннің тұтылуы 11 тамыз күні 15.31-де басталып, бір сағаттан астам уақытқа созылады. Ең жоғары фазасы 16.14-те болады.

«Күннің тұтылуы Қазақстанның азғантай бөлігіне ғана көрінеді. Дәлірек айтсақ, солтүстік-шығыс облыстарында: Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында. Петропавл мен Павлодарда күннің тұтылуы анық көрінеді, ал Көкшетауда әрең байқалады, ал Астана мен елордадан оңтүстікке және батысқа қарай мүлдем көрінбейді. Тіпті біздің облыстың оңтүстік-батысында тұратын тұрғындар күн тұтылуын тамашалай алмайды, ал қостанайлықтарға тіпті көрінбейді де. Құбылыс туралы географиялық мәлімет осы», — дейді М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник.

Айтпақшы, күн тұтылуы елімізде 2015 жылдың 15 наурызынан бері болмаған.

Күннің тұтылуы қалай өтеді?

«11 тамызда жердің ешбір түпкірінде Күннің толық тұтылуы болмайды. Бүкіл жерде жартылай ғана тұтылады. Ең ауқымды фазалар Арктикада, Солтүстік Жер архипелагының аралдарында байқалады. Еуразияның солтүстік-шығысында да көрінеді. Бізде күннің максималды тұтылуы 0.23-ке жетеді. Күн аспанда жоғары орналасып, қалада да, орманда да жақсы көрінеді.

Күннің тұтылуы 15.31-де басталады. Ең жоғары фазасы 16.14-те болады. Ал құбылыс 16.54-те аяқталмақ. Бір сағаттан астам уақыт кетеді», — деп мәлімет берді Андрей Солодовник.

Петропавл тұрғындары үшін СҚМУ обсерваториясы маңында күн тұтылуын тамашалайтын орын ұйымдастырылмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.