Қазақ-қырғыз шекарасында жайылым өртеніп жатыр

0 0

Қазақ-қырғыз шекарасында жайылым өртеніп жатыр,- деп хабарлайды «ZhambylNews» AA 365info.kz сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданындағы Алмалуу жайлауында 5 тамызда күйікшөп жана бастады.

Өрт Қазақстанмен шекарадағы «Лагерь» учаскесінде шыққан. Бұл туралы қырғыздың төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Министрлік мәліметі бойынша, жайлаудағы өрт 28 шілдеде шыққан.

Тілсіз жау 4 тамызда сөндірілді. Бірақ 5 тамызда өрт қайта тұтанып, 2 мың га жерді алып үлгерді. Өртті сөндіруге Талас облысындағы бірнеше ауданның қызметтері жұмылдырылды. Оларға милиция қызметкерлері, орман шаруашылықтары, техникалық лицей және 200-ге жуық жергілікті тұрғын көмектесуде.

Өртпен барлығы 350 адам күресіп жатыр. 1 тамызда Манас ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.