Елбасы Павлодар облысының 2 ауданының атауын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды

0 3

Елбасының Жарлығымен Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атаулары өзгерді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 ***

Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Павлодар облысының кейбір аудандары:

1) Качир ауданы — Тереңкөл ауданы;

2) Лебяжі ауданы Аққулы ауданы болып қайта аталсын.

  1. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

                Президентi                                                                          Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы  4 тамыз

             № 724

Leave A Reply

Your email address will not be published.