Жамбыл облысында көп қабатты үйлердің құрылысы жүріп жатыр

0 3

Жамбыл облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 14 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл  туралы «ZhambylNews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір жаңадан бой көтерген 15-шағын ауданда 10 нысанның құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін қазынадан 4 миллиард теңге бөлінген. Дайын баспаналар «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша беріледі. Қалған 4 үйді салуға Ұлттық қордан 1,6 миллиард теңге қарастырылған. Жыл соңына дейін 1 мың 575 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлайды. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 6 көппәтерлі үй өз қожайындарын тапқан.

Нұрбол Қалдыбаев, облыстық құрылыс басқармасының бас маманы:

— Қаратау қаласында 4, Жаңатаста 1, және Тараз қаласында 1 арендалық тұрғын үй салынған. Былтыр Жамбыл облысы бойынша 397 мың шаршы метрлік баспана ел игілігіне берілген. Биылғы жоспар  430 мың 900 шаршы метрді құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.