Жамбыл облысында таудағы өртті сөндіру кезінде орман қорықшысы қаза тапты

0 0

Өрт сөндірушілер, орман шаруашылығы қызметкерлері және ерікті өрт сөндірушілер құрамы Жамбыл облысындағы шығуы қиын таулы жерлерде өртпен арпалысып жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 тамызда, түстен кейін Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшесіне  құрғақ шөптің өртеніп жатқандығы туралы хабар түскен.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Жамбыл облысының Өрт сөндіру қызметінің 40 өрт сөндіру машинасы мен 3 техникасы, орман шаруашылығының 35 адамы мен 5 техникасы, ерікті өрт сөндіру құрамасының 10 адамы мен 2 техникасы   жұмылдырылған.

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі өртпен арпалысып жатқан адамдарға азық-түлік жеткізді.

«Табиғи өртті сөндіру кезінде қайғылы оқиға болды. Сағат 16:20-да 1972 ж.т. Ақыртөбе орман шаруашылығының орманшы-қорықшысы тау шыңынан шамамен 5 м. биіктіктен құлап оқиға орнында қайтыс болды»,-делінген ТЖК хабарламасында.

«Қазорманавиақорғау» РМҚК мәліметтеріне қарағанда,  Қазақстан территориясындағы жалын шарпыған аумақ 200 гектарға жуық.

Қазіргі уақытта тілсіз жау жалмаған аумақ өрт қайта өршімес үшін үздіксіз бақылауға алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.