Қазақстанда Монғолиядан әкелінген 800-ден астам контрабандалық көлік анықталды

0 0

Олардың бәрі заңға сәйкес кеден бажынсыз ІДБ-не тіркеуге алынған. Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері тексеру барысында Қазақстанға Монғолиядан әкелініп, кедендік тазартусыз ІДБ-не тіркелген 800-ден астам көлікті анықтады. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Бұдан бұрын ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, елімізге заңсыз әкелініп, жалған кедендік құжаттармен тіркелген көліктерді іздеу басталған еді.

Қазіргі таңда ресейлік және қазақстандық кедендердің ақпараттық жүйелеріндегі деректер қоры мен ҚР ІІМ автокөліктік құралдарды тіркеу туралы деректерді салыстыра келе, заңмен бекітілген кедендік бажды төлеуден қашқақтап жүрген жүргізушілердің 812 көлігі анықталды.

Елдің мемлекеттік кірістер органдарында мұндай көліктерді контрабандалық деп атап, кеден салығын төлеткізу үшін іздеу салынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.