Тараз қаласында 27 нысанның жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде

0 0

Тараз қаласында 27 нысанның жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Әділет Ахатаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.

Әділет Бегалыұлының айтуынша, құрылыс жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бюджет әкімшісі болып табылатын 282 жобалық-сметалық құжаттамалар əзірленуде, оның ішінде 2018 жылы 147-і, қалған 135-і алдыңғы жылдары басталған.

Бүгінде облыс әкімі А.Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес Тараз қаласында 27 нысанның жобалық-сметалық құжаттамаларын атап айтар болсақ;

— Желтоқсан аллеясын қайта жаңғырту;

— Т.Рысқұлбеков саябағын қайта жаңғырту;

— ТаразКожОбувь» ЖШС-нен «Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешеніне дейінгі саябақты абаттандыру;

— Атшабар аллеясын қайта жаңғырту;

— Мамыр саябағын қайта жаңғырту;

— Түрксіб саябағын қайта жаңғырту;

— Т.Рысқұлов саябағын қайта жаңғырту;

— Сағат стелласын орнату;

— Зербұлақ демалыс аймағын абаттандыру;

— Талас өзені жағалауында демалыс аймағын салу;

— Түлектер аллеясын салу және абаттандыру;

— Даңқты спортшылар аллеясын салу;

— Тектұрмас кесенесі аумағында тарихи кешен салу;

— Шахристан этно-тарихи кешенін абаттандыру;

— А.Әшімовтың атындағы өнер орталығының құрылысы;

— 1000 келушіге арналған салтанат сарайының құрылысы;

— Облыстық өлкетану мұражайының құрылысы;

— Көрме павильонының құрылысы;

— Жазғы фестиваль кешенінің құрылысы;

— Даңқ залы аллеясының құрылысы;

— Шахристан кешені маңындағы әкімшілік ғимаратын жаңғырту;

— Ғимаратты «Руханият» орталығына арнап жаңғырту;

— Ғимаратты өнер шеберлерінің көрмесіне арнап қайта жаңғырту;

— Оқушылар сарайы құрылысы;

— Ғимаратты көркемөнер көрмесіне арнап қайта жаңғырту;

— 2000 көрерменге арналған жеңіл атлетика манежінің құрылысы;

— 745 көрерменге арналған спорттық гимнастика кешенінің құрылысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.