Жамбыл облысында оқушылар 100% оқулықтармен қамтамасыз етіледі

0 138

Жамбыл облысында жаңа оқу жылында барлық оқушы оқулықпен 100% қамтамасыз етіледі. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылы облыс мектептерінің 3,6,8 сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтармен, ал 1,2 сынып оқушылары арнайы дәптерлермен толық қамтамасыз етілетін болады.

— Биыл 4,9 млрд. теңгеге 14 білім нысандарының құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында 9 мектеп пайдалануға берілмек. Қалған 5 мектеп 2019 жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 221 білім нысанын (149 мектеп, 59 балабақша, 13 мектептен тыс мекеме) ағымдағы жөндеуден өткізуге 232,4 млн. теңге бөлінді. Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Мектеп оқушылары «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес кезең-кезеңімен оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Бағдарламаға сәйкес 3,6,8-сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне, «Өлкетану» оқулығына, 1,2 сынып оқушыларына арналған дәптерлеріне тапсырыс берілген. Бүгінгі таңда білім бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес мектеп оқушыларының оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге 2 млрд. 493 млн. 781 мың теңге қарастырылды. Жаңа оқу жылында Жамбыл облысының барлық мектептеріне оқулықтар 100% жеткізілді. Балаларды оқуға толық қамту шараларының бірі — мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру. Облыстағы 447 мектептің 400-де (89,5%-да) асханалары бар, қалған 47 мектептің 19-да буфет, 28 мектепте асхана да буфетте жоқ (2 НМ, 26 БМ). 117-сі (26,2%) қажетті технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Асханасы бар мектептердегі оқушыларды бір мезгіл ақылы және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасалынған. Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан оқушылар (28307) 100% бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады, — деді басқарма басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырова агенттік тілшісіне.

Қазіргі таңда тапсырыс берілген оқулықтар мен оқу кешендерін білім мекемелеріне жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Тасымалдау жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.