Күннің тұтылуын қазақстандықтар қалай тамашалады (ФОТО)

0 18

Астаналық әуесқой астроном күннен қорғайтын фильтрі бар телескоппен қамданыпты, ал Петропавлда ауа райы бұзылды. Қазақстандықтар биылғы жылғы күннің соңғы рет жартылай тұтылуын тамашалады. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Күннің тұтылуы жартылай ғана болғандықтан, Күн дискісінің бір бөлігі ғана жабылды. Сол сәтті семейліктер суретке түсіріп алуға тырысыпты.

https://www.instagram.com/p/BmVcAtABdWt/?utm_source=ig_embed

Астана қаласында әуесқой астроном күннен қорғайтын фильтр және телескоппен қамданса керек. Ол Күнді көлегейлеген Айдың кедір-бұдыр бетін анық көрген екен, сонымен бірге «бұлттар ағынын» да суретке түсірген.

https://www.facebook.com/photo.php?fbid=918346691682027&set=a.252217941628242.1073741830.100005201133716&type=3&theater

Астрономиялық құбылысты Талдықорғанда да бақылаған.

https://www.instagram.com/p/BmVg9XRHCaF/?utm_source=ig_embed

Ал Петропавл тұрғындарының бар жоспарын ауа райы бұзып жіберді. Аспанды торлаған бұлттар күннің тұтылуын көрсетпепті.

Қазақстандықтар құбылысты онлайн бақылауға мүмкіндік алған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.