Назарбаев: Ақтау Қазақстанның Анталиясына айналатын болады

0 0

Қазақстан президенті Ақтаудағы «Tree of life» демалыс орнын аралап көрді. Бұл туралы «ZhambylNews» АА Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан президенті жағажайы, бассейнді аквапаркі және қонақ үй кешені бар демалыс орнының жұмысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев туристермен әңгімелесу барысында Каспий шипажайларында демалудың артықшылықтарын, соның ішінде бағаның қол жетімділігін, суға шомылу маусымының ұзақтығын, Ақтау қаласы инфрақұрылымының жақындығын, қонақ үй санының көптігін атап өтті.

«Мен бұған дейін Алакөлде, Балқашта, Бурабайда болдым. Бұл демалыс аймағы отандық туризмді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Біз осы саланы ілгерілетуді жоспарлап отырмыз. Ақтау қаласы келешекте Қазақстанның Анталиясына айналатын болады», – деді мемлекет басшысы.

Туристік нысанға тартылған инвестицияның жалпы көлемі – 485,2 миллион теңге.

Leave A Reply

Your email address will not be published.