Тараз қаласы бюджетінің кірістері 47 млрд теңгені құрайды

0 3

Тараз қаласы бюджетінің кірістері 47 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс отыз төртінші сессиясы кезінде айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.

Сондай-ақ, жиын барысында 2020 жылға арналған қалалық бюджетке енгізілген өзгерістер мен бірыңғай салық мөлшерлемелерін белгілеу мәселелері көтерілді.

Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 18 млн тг азайтылып, бұл қаржы қажетті деп саналатын бағыттарға аударылған. Мәселен, мектептердегі жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз ету, бірқатар білім ордаларын робототехника құрылғыларымен жабдықтау, көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстарына сондай-ақ, көшелерді жарықтандыруға берілген.

Одан бөлек сессияда Тараз қаласы аумағында орналасқан айырбастау пунктері мен ойын-сауық мекемелерге салынатын салық мөлшерінің өзгергендігі талқыланды. Атап айтар болсақ, бильрд үстелдеріне 6 айлық, компьютер ойын аппараттарына 2 айлық есептік көрсеткіш негізінде салық салынатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.