Жамбыл облысында үстіміздегі жылдың басынан бастап 16 қайғылы оқиға тіркеліп, 17 адам суға батып қайтыс болды, оның ішінде 10 бала бар. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Омар Такеев, облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының басшысы Юрий Салагаев, облыстық ІІД ювеналдық полицияның бастығы Қуанышбек Қалжановтың қатысуымен өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.
Спикерлердің айтуынша, облыста соңғы 7 күн ішінде су айдындарында ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан оқыс жағдайлар орын алуда.
Осыған орай, департаменттің ТЖ алдын алу бөлімі, Тараз қаласы ТЖ басқармасы, аудандық ТЖ бөлімдері және Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері балаларға және ересектерге судағы өзін-өзі ұстау ережелерін күшейтілген режимде профилактикалық, түсіндіру және әңгімелесу жұмыстарын жүргізуде.
Өкінішке қарай, қайтыс болғандардың жартысы – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар. Мәселен, ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында шомылуға жабдықталған жерлер мен бассейндерде 14 жасқа дейінгі 3 жасөспірім балалар қаза тапты.