Алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте соғылады

0 8

Жаңа оқу жылының басталуы күнтізбеде сенбі күніне келіп түскеніне қарамастан, облыстың барлық деңгейдегі мектептерінде алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте соғылады. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

ҚР Білім және ғылым Министрінің бұйрығына сәйкес, 2018-2019 оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптары үшін — 32 апта, 1-і сыныптар үшін — 33 оқу апта. Ал 2-11(12) сыныптар 34 аптасын білімге арнайтын болады.

Еліміздің бас мұғалімнің бұйрығында оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері де бекітілген. 1-11 (12) сыныптарда: күзгі каникул — 7 күн (2018 жылғы 29 қазан — 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы — 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан — 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі — 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз — 2 сәуірді қоса алғанда); Мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул — 7 күн (2018 жылғы 29 қазан — 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан — 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз — 4 сәуірді қоса алғанда); Мектепалды даярлық сыныптары мен 1-і сыныптарда 7 күн мерзімде (2019 жылғы 4-10 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.