Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасы бойынша облыста 27 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әділет Ахатаев мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.
«Оның ішіне жаңа парктер мен бақтар, демалыс аймағы мен «Ежелгі Тараз» археологиялық паркінің маңындағы бірнеше мұражай ғимараттар, «Шахристан» этно-тарихи кешені және басқа да объектілер кіреді. Сондай-ақ Тараз қаласында Неке сарайы, Конгресс-холл, Оқушылар сарайы, «Ретрофестиваль» амфитеатры салынады», — деді ол.
Тараз қаласында ең ірі нысандардың салынуы Әулиеата жұртшылығы үшін жағымды жаңалық. Аталған ғимараттар жаңадан бой көтеріп жатқан 15 мөлтек ауданнан салынатын болады.