Жамбыл облысында екі бала суға батып қайтыс болды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
14 шілде күні 15:25-те 10 және 13 жасар балалар Тараз қаласы «Шөлдала» иіні жасанды тоғанда шомылуға арналмаған жерде шомылу барысында суға батып кеткен.
Сол күні сағат 16:00-де 2008 және 2005 жылы туылған балалардың өлі денесін ТЖД «ЖҚЖ» ММ күшімен судан алып шықты.