Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта жекпе-жек алдындағы таразыға соңғы өлшену рәсімінің өтетін жері мен уақыты белгілі болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, таразыға өлшену рәсімі айқас қарсаңында бокс кеші болатын Лас-Вегастегі T-Mobile аренасында өтеді.
«Өлшену рәсімі жұма, 14 қыркүйекте T-Mobile аренасында болады. Жақын арада жекпе-жек апталығында болатын оқиғалар кестесі әзірленеді», — деп жазды Т. Леффлер өзінің твиттердегі парақшасында.
Еске салайық, Головкин-Альварес II айқасы 15 қыркүйекте АҚШ-тағы HBO PPV жүйесі арқылы таратылатын болады. Қазақстандық көрермендер үшін жекпе-жек 16 қыркүйек күні таңғы уақытта көрсетіледі.