Алдағы тәуліктерде елімізде күн салқындайды- Қазгидромет

0 0

Елімізге Карск теңізі аумағынан суық дымқыл арктикалық ауа ығысатын болады. Соның салдарынан Қазақстанның солтүстік бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел соғуы мүмкін. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі уақытта бұршақ жауып, түнде ауа температурасы 7-15 градус шамасында болады. Күндіз 18-25 градус жылы болуы ықтимал.

Республиканың қалған өңірлеріндегі ауа температурасы климаттық нормадан ауытқымайды. 17-28 тамыз аралығында елдің оңтүстік-шығысы мен шығыс аймақтарының кей жерлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.