Жантүршігерлік қылмыс: Жамбыл облысында кәсіпкерді екі баласымен бірге өлтіріп кетті

0 0

Жамбыл облысында ер-азамат ноутбук, ұялы телефон мен ақша үшін әкесі мен қызын өлтіріп кеткен. Оған қоса, оның 16 жастағы ұлы да өлі күйінде табылды. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, қанды оқиға сейсенбі күні Жамбыл облысының Шу ауданында орын алған екен. Күдікті мотоцикл, ноутбук, ұялы телефон және ақша үшін шаруа қожалығының басшысы мен қызын өлтіріп кеткен.

Сонымен бірге, жантүршігерлік қылмыс жасаған ер адам кәсіпкердің жасөспірім ұлын да өлтіріпті. 16 жастағы баланың мәйіті үйінен 150 метр қашықтықтан табылды.

Қазіргі таңда күдікті құрықталған. Ол 42 жастағы Шу қаласының тұрғыны болып шыққан. ІІМ өкілінің айтуынша, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.