Жамбылда жыл санап шаруашылықтың барлық санатындағы мал саны өсіп келеді

0 0

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 1 тамыздағы көрсеткіші бойынша шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір өсіп келеді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Атап айтар болсақ, ірі мүйізді мал 10,25%-ға, қой мен ешкі 3,4%-ға, жылқы 6,5%-ға, құс 4,4%-ға көбейді. Сондай-ақ, облыстың барлық шаруашылықтарында 115,2 мың бас бұзау, қозы мен лақ 1119,5 мың бас, торай 9,1 мың бас, құлын 35,9 мың бас алынды.

Дегенмен, қаңтар-шілде айларына талдау жасаудың нәтижесінде, 209 бас ірі мүйізді мал, 2241 бас қой мен ешкі және 35 жылқы өлім-жітімге ұшыраған.

Айта кетерлігі, өңірде мал мен сүттің негізгі бөлігін өндіру халықтың жеке үй шаруашылығының үлесінде болып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.