Жарты жылда Қазақстаннан 17 мың адам кетіп қалған

0 0

2018 жылы алты айдың ішінде Қазақстаннан 17 171 адам кетіп қалған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2018 жылғы қаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 26,5 пайызға кеміп, 6 368 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 14 пайызға көбейіп, 17 171 адам құрады, көші-қонның айырымы -10 803 адам болды», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болып жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 77,2 пайзы, ТМД елдерге кеткендердің үлесі 89,7 пайызды құрады.

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 44,9% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:

Астанада — 5 748 адам;

Алматыда — 17 715 адам;

Шымкентте — 43 222 адам.

Leave A Reply

Your email address will not be published.