Қазақстанда қағаз «страховкалар» жойылатын болды

0 2

1 қаңтардан бастап қазақстандық жүргізушілер сақтандыру келісімшарттарын онлайн режимде жасайтын болады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA 365info.kz сайтына сілтеме жасап.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру келісімшарттарын интернет арқылы электронды үлгіде жасай алады. Мұндай мүмкіндік міндетті және ерікті сақтандырудың барлық түрлеріне беріледі», — делінеді Ұлттық банктің хабарламасында.

Онлайн-сақтандыру енгізумен бірге сақтандырудың қағаз полистері қолданыстан алынады.

Ал полицейлер көлік жүргізушісінің сақтандырылғанын бірыңғай базадан білетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.