Жамбыл облысында каналға ағып кеткен бала іздестірілуде

0 0

Жамбыл облысында каналға ағып кеткен бала іздестірілуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылы 12 шілде күні Шу ауданы Шу қаласы «Солжағалау» магистральды каналында 10 жасар бала суға ағып кеткен болатын.

15 шілде күні сағат 06:00-дан бері ТЖД «ЖҚЖ» ММ 4 қызметкер, 1 бір.тех. және 1 жүзу құралы, ТЖД 16 қызметкер және 2 бір. тех., АІІБ 20 қызметкер және 5 бір.тех., ЖАО 60 адам және жергілікті тұрғындардың 20 адам күшімен шомылуға арналмаған жерде суға шомылып, батып кеткен 2008 жылы туылған баланы іздестіру жұмыстары жүргізілді. Әлі де жұмыс жалғасуда.

Айта кетейік, Жамбыл облысы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-де өткен тәулікте 2 рет жедел шықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.