Тараз қаласында бүйрек алмастыру оталары жасалуда

0 6

Тараз қаласындағы «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында» тұңғыш рет бүйрекке трансплантация жасалғалы бері де 4 айдай уақыт өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Алғаш рет донор ағзаға зәру жамбылдық азаматқа ағасы бір бүйрегін беріп, алғашқы отаны Қазақстан Республикасының ағзаларды транспланттау жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Жақсылық Досқалиев жасаған еді.

Сондай-ақ, Қырғыз және Грузия мемлекеттерінің азаматтары ота жасату үшін Тараздағы «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығын» таңдаған. Олай дейтініміз, жоғары медициналық көмек көрсететін емдеу мекемесі тәжірибелі трансплантолог-дәрігердің өзін Астанадан шақыртқан.

Трансплантолог-дәрігер, «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» директорының орынбасары Ғани Мұратұлы:

– Тараздағы Жақсылық Досқалиев жасаған алғашқы ағза алмастыру отасына қатыстым. Өзім осының алдында ғана Астанадағы ұлттық ғылыми онкология-трансплантологиялық орталығынан ауысып келгенмін. Трансплантациялық оталарды жасай бастағаныма 7 жылдан асты. Алғашқы операциядан кейін мамыр айынан бері біз айына 3-4 бүйрек алмастыру оталарын өзіміз жасадық. Оның біреуі ғана – ел азаматы, қалғаны жақын шетелдерден келген. Бұл – тоғызыншысы. Қырғыз елінің 62 жастағы азаматына 35 жастағы немере інісі бүйрегін беруде. 

Трансплантолог елімізде донор бүйрекке мұқтаж жандардың көптігін айтады. Ал ағзалар қазір тірі донордан ғана алынуда. Бір ғана Жамбыл өңірінің өзінде трансплантация жасату үшін айлап ауруханалар төсегіне таңылып, донор күтіп жатқандары 250-дей екен. Елімізде олардың саны 3,5 мыңнан асады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.