Жамбыл облысында қатерлі ісіктен қайтыс болғандардың көрсеткіші төмендеді

0 4

Жамбыл облысында қатерлі ісіктен қайтыс болғандардың көрсеткіші төмендеді. Бұл туралы бүгін ӨКҚ өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 6 айында нәресте өлім-жітім көрсеткіші 1000 тірі туғанға шаққанда 8,7 пайызға төмендеп, 7,3-ті құрап отыр.

Облысымызда күн сайын 77 астам, ай сайын 2000-2400 ден аса сәби дүниеге келеді. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың 6 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіші 263-ке өсті. Осыған сәйкес, перзентхана деңгейінде нәрестелердің есту қабілеті кемістіктерін анықтау бойынша скрининг енгізілген.

Үстіміздегі жылдың 1 жартыжылдығында скринигпен 442238 адам қамтылып, 26537 адамның ауруы анықталып, 16441 адам диспансерлік тізімге алынды.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда облыста денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы өз жалғасын тауып, іске асырылуда.

Айта кету керек, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2018 жылы 8,6 млрд. теңге бөлінді және 2,3 млрд. теңге игерілді, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 3,4 млрд. теңге. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлінген. Денсаулық сақтау нысандарын дамытуға 2018 жылы 1 427,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен — 750,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 677,8 млн. теңге қарастырылған. 2018 жылдың 1 шілдесіне 198,8 млн. теңгесі немесе 100% игерілді. 2018 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен кейінге қалдыру шартымен

Тараз қаласындағы 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансер құрылысын салу жоспарлануда, облыстық бюджет қаражаты есебінен ауысымына 30 келушіге арналған 6 медициналық пункттердің (әрқайсысы ауысымына 5 келушіге арналған Байзақ ауданы Шоқан және Көкөзек ауылдарында, Қордай ауданы Көкадыр ауылында, Т. Рысқұлов ауданы Мамай-Қайыңды ауылында, Сарысу ауданы Қамқалы және Шағала ауылдарында), ауысымына 20 келушіге арналған 2 фельдшерлік-акушерлік пункттер (әрқайсысы ауысымына 10 келушіге арналған Мойынқұм ауданы Көкжелек және Ұланбел ауылдарында), ауысымына 15 келушіге арналған Жамбыл ауданы Бектөбе ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылыстары басталды. 2018 жылдың қаңтар-маусымына психикалық бұзылу және қан айналымы жүйесі ауруларына шалдығу деңгейі өсіп, нашақорлық, туберкулез, жаңадан пайда болған қатерлі ісік және қант диабеті ауруларының деңгейлері төмендеген. Ана өлімінің 2 жағдайы (Талас ауданы және Тараз қаласында тіркелді).

Leave A Reply

Your email address will not be published.