Сарысуда жаңа оқу жылынан бастап 76 мұғалімге 30-дан 50%-ға дейін жалақыға үстемақы төленеді

0 5

Сарысу ауданында 900 педагог жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктілігін арттырған, — деп xабарлайды «Zhambylnews» Aқпараттық Aгенттігі Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарысу ауданында бүгінде барлығы 900 педагог жаңартылған білім мазмұны  бойынша  біліктілігін арттыру курсынан өтті (27 мектеп директоры,  90 мектеп директорының орынбасары, мектеп   тренерлігі  бойынша – 86 педагог, 697 пән мұғалімі).

Өткен оқу  жылында  605 педагог (47,7 %) жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ берді  (біліктілігін арттыру курсынан өткені — 418). Сол мұғалімдердің жалақысы  30%-ға көтеріліп,  қаңтар айынан бастап төленсе, биылғы оқу жылында жобамен 871 (68,7%) мұғалімге төленетін болады.

Сонымен қатар,  аудан бойынша «Назарбаев зияткерлік мектептері» білім беру бағдарламасы бойынша 3 деңгейлік біліктілігін арттыру курсынан 220 педагог (І — деңгей -62 , ІІ – деңгей-37, ІІІ – деңгей-121 ),  қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарынан 300 педагог өтті.

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа аттестация тәртібінен  өткен 76 мұғалімге біліктілік санаттары үшін лауазымдық жалақыға 30-дан 50%-ға дейін категорияларына сәйкес қосымша үстемақы төленеді. Аттестаттаудан өтпеген мұғалімдер осы ағымдағы жылғы қараша айында қайта тапсыра алады.

Айта кетейік, ауданда 1 Жаңатас мемлекеттік көпсалалы колледжі, 2 кәсіптік-техникалық лицейі, 28 жалпы білім беретін мектеп, 1 интернат, 1 кешкі орта мектеп, 1 мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты, 3 балалар өнер мектебі, 3 балалар саз мектебі, 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 1 балалар-жасөспірімдер орталығы, 7 балабақша және 6 аула клубтары өскелең жас ұрпақ шәкірттерге білім, өнер және дене тәрбиесі салалары бойынша дәрістер берумен айналысады. Аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған Байқадам орта мектебі жанынан ашылған интернатта 52 бала тәрбиеленуде.

Ауданда білім саласын қаржыландыруға ағымдағы жылы бюджеттен 4 млрд. 840,6млн. теңге қарастырылған. Қаржыландыру көзі былтырғы жылмен (2017 жылы 4 млрд. 729 млн. 126 мың теңге) салыстырғанда 2,3% артқан. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытында аудандағы барлық мектептер цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары атқарылды.

27 мектептің барлығы компьютерленген және телефон байланысына қосылған. Жыл сайын жаңа компьютерлер алынуда. Биыл жергілікті бюджеттен бөлінген 13,6 млн. теңге қаржыға 122 дана компьютер алынды. Келесі жылы да бұл мақсатқа тиісті қаржы көлемі артпақ.

2018 жылы жергілікті бюджет есебінен мектептерге цифрлық білім беру ресурстарына қосылу үшін кеңжолақты интернет желісінің жылдамдығын көтеруге 12,3 млн. теңге, электрондық оқытуды енгізуге арналған 40 дана техникалық инфрақұрылым құрылғысы алуға 13, 6 млн теңге, ақпараттық және білім беру ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатындағы «BilimLand» платформасын пайдалануға 5 млн 130 мың теңге, барлығы инфраструктураны дамыту бағытында 31,1 млн. теңге бөлініп, игерілуде. Ағымдағы жылы мектептерді модификациялық кабинеттермен жабдықтау үшін 76,6 млн. теңге қаралып, 3 химия, 3 физика, 2 биология, 3 лингафонды мультимедиялық кабинет алынады. Аудан мектептері 63 модификациялық кабинеттермен жабдықталған (58% құрайды).

2018-2019 оқу жылында «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес 81,9 млн. теңгеге 3, 6, 8 сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.