Жамбыл облысында 71343 жұмысшыны қамтитын 3243 кәсіпорындарда меморандумдарға қол қойылды. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Серғали Айдапкелов мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.
«Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-нің мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2018 жылдың есепті мерзіміне облыс ұйымдары мен кәсіпорындарында 83 тексерулер жүргізілді. Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілерге 43 бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Оның 35 еңбек қатынастарына, 7 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты, халықты жұмыспен қамту – 1.
Есепті кезеңде заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 48 әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылыр шығарылып, 3,992 млн.теңге соммасына әкімшілік айыппұл салынды және 21 ескерту беріліп, оның 3,631 млн. теңгесі өндірілді.
Жоспарлы шараларды іске асырудың нәтижесінде есепті кезеңде 101 бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: 64 еңбек қатынастарына, 34 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты, халықты жұмыспен қамту – 3. Есепті кезеңде тексеру арқылы 76 азаматтардың жазбаша өтініштері қаралды.
Жоспарлы шараларды іске асырудың нәтижесінде есепті кезеңде 101 бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: 64 еңбек қатынастарына, 34 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты, халықты жұмыспен қамту – 3. Есепті кезеңде тексеру арқылы 76 азаматтардың жазбаша өтініштері қаралды.
Жыл басынан бері Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы прокуратура органдарымен бірлесе 10 кәсіпорнда 2678 жұмыскерге 482,9 млн.теңгенің жалақы қарызы барын анықтады, жалпы қабылданған шаралар нәтижесінде, сонымен бірге кәсіпорын басшыларына жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестесі мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 7830 жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 370,6 млн. теңге жалақы қарызы өтелді.
ҚР Еңбек және ХӘҚ министрінің ұсынысы бойынша осы кеңесте жалдамалы жұмыскерлерді өзектендірудің нақты мерзімдері мен көрсеткіштері аудандар мен Тараз қаласы бойынша бекітіліп, 2018 жылдың 12 шілдедегі жағдай бойынша қалған 32990 жалдамалы жұмыскерлерді ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін өзектендіру тапсырмасы қойылды.