Жамбыл облысында білім беру жүйесінде жаңа тәсілдер жүзеге асуда. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында «Өрлеу»БАҰО» акционерлік қоғамы филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердін біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары міндетін атқарушы Жұлдыз Өскенбаева, Басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы Гаухар Тәжібаева, Академиялық бөлімінің басшысы Айнұр Раиымбекованың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.
Спикерлердің айтуынша, орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары 2016-2020 жылдарға жоспарланған. Осы жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО АҚ 2016-2018 жылдарда 16 бағдарлама бойынша облыстың 10173 педагог қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Сондай-ақ, жыл басынан бері филиалдың оқытушылары 4821 тыңдаушы оқыған 142 курс өткізді. Оның ішінде 121 курс — білім беру мазмұнын жаңарту аясында, онда кәсіби біліктілігін 3269 мұғалім арттырды, қысқа мерзімді — 21 курс өтті. Сонымен қатар, 1552 педагог 954 — ақылы, 598 — бюджет қаражаты есебінен біліктіліктерін арттырды.
Бүгінде латын әліпбиіне көшу жағдайында филиал тренерлері семинарлар, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдарын өткізуде.
Біліктілікті арттыру тәжірибесіне 2017 жылдан бері blended learning форматындағы жаңа курстар енгізілді, онда 80 тыңдаушы оқытылды, оның ішінде 50 педагог мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан және 30 қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері. 2018 жылдың екінші жарты жылдығында blended learning форматында үш курс өткізу жоспарлануда.
2017 жылдан филиал информатика, физика, математика мұғалімдеріне арналған «Робототехника негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс жасай бастады. Курстренерлер құрамымен және арнайы жабдықталған құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 2017 жылда осы бағдарлама бойынша филиалда 100 педагог, 2018жылы – 77 педагог, тағы қазан айында 23 тыңдаушы курстан өтеді.
Айта кетейік, биыл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс мектептерінде 3-сыныптан «Ақпараттық-коммуникациялық негіздері» пәні енгізілді. Робототехника және бағдарламалау кабинеттерін енгізу үшін «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 662 бұйрығымен) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.