Дәрігер Азиада да жарақат алған жамбылдық спортшы Елдос Сметовтің жағдайы туралы айтты

0 1

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас дәрігері Наталья Кудашова олимпиада жүлдегері жамбылдық спортшы Елдос Сметовтің жағдайы туралы айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, Жакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметовты жарыстан кейін ауруханаға алып кеткен еді.

«Қуанышқа орай, Елдостың жолы болды. Айқастан кейін ол өзін нашар сезінген еді, содан қабырғасы сынды деп ойладық. Күдікті сейілту үшін оны медициналық мекемеге тексерістен өтуге жібердік. Қабырғасы сынбаған. Енді толықтай оның денсаулығымен айналысамыз, ол арнайы процедуралардан өтеді. Бізде бұл үшін барлық жағдай жасалған», — деді Кудашова.

Айта кету керек, дәл қазір Сметов атлеттік қалашыққа жеткізілді.

Еске салайық, Жакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов жарысты жеңіспен бастаған еді. Дегенмен, екінші айналымда Солтүстік Корея спортшысынан ұтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.